МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АҢЫҚТАМА

 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің "№2 бөбекжайы" КМҚК Қостанай қ. М.Хакимжанова көшесі 15,        тел/факс 8-(7142) 50-77-97, 50-82-03 sad2@kst-goo.kz

     №2   бөбекжай-бақшасы жеке тұрған ғимаратта тұрғын үй шағын ауданының ішінде орналасқан, өзіне іргелес аумағы, барлық жас ерекшелік топ балаларының серуеніне арналған жабдықталған учаскесі, спорт алаңы, гүлбақшасы бар.

     Ғимарат көлемі   2861,6 кв.м, топ бөлмелерінің көлемі – 1638,7 кв.м. Балабақшаның қызмет жасау тәртібі бес жұмыс аптасында сағат  07.00 бастап 19.00 дейін. Жобалық қуаттылығы  – 250 орын.  11 – топ қызмет жасайды.

   Топ бөлмелері заманауи жиҺазбен, оқу дидактикалық материалдармен, ойыншықтармен, үстел  және сюжеттік рөлдік ойындармен жабдықталған. Барлық құрал жабдықтар СанЕжБ талаптарына сәйкес келеді.

   МДҰ барлық жоспарлауы және оның жабдықталуы тәрбиеленушінің дамуының жеке және жас ерекшеліктерін есепке алумен ұйымдастырылған. Әрбір жас ерекшелік топтары үшін толықтай қызмет жасауына барлық қажеттілер жасалған: қабылдау бөлмесі, ойын, әжетхана, жуыну бөлмесі. 

    МДҰ балалармен тәрбиелік білім беру жұмысын жүргізу үшін арнайы бөлмелермен құралдандырылған: музыкалық және спорт залы, арнайы кабинеттер: әдістемелік, ортопедиялық кешен, медициналық, логопед кабинеті, тифлопедагог кабинеті, қазақ тілі кабинеті, өзін - өзі тану кабинеті сонымен қатар барлық қажетті қосалқы және көмекші бөлмелер.  

 № 2 бөбекжай-бақшаның жұмысы қалалық білім жүйесіндегі оның орнымен белгіленеді: бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік Жалпыға міндетті стандартын балалармен меңгеру және емдік-сауықтыру, түзету сипатындағы шаралар кешенін іске асыру негізінде мектепке дейінгі жастағы түрлі білім беру қажеттіліктері бар (даму нормасы, көзінің көруі бұзылуы, сөйлеу тілінің бұзылуы) балалардың дамуына және тәрбиеленуіне оларға көмек көрсетуде отбасыларға құқықты қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру ұйымы

   Педагогикалық және медициналық персонал бөбекжай-бақшаның жұмыс жасауына сәйкес толықтырылған, бұл түзету-қалпына келтіру және оқу тәрбиелік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.  

    МДҰ дамыту ортасын құру бұзушылықтарды түзетуде көмек көрсету және тәрбиеленушілердің жеке дамуын қамтамасыз ету, ересектер және баланың жеке бағытталған өзара іс-әрекетін іске асыру үшін қолайлы жағдай құруға бағытталған қағидаларға негізделеді.