Құрметті ата-аналар! 

   Жақында ғана Сіздің сәбиіңіз алғашқы қадамдарын өзі жасап үйренді, ал қазір Сіз оған балалар ұжымының бейтаныс әлеміне сенімді кіру үшін қалай көмектесу керектігі туралы ойлайсыз.   

   Онда бала үшін жайлы бола ма?  Ол балабақшада не үйренеді? Оның жанында кім болады?  Біздер -  педагогтар үшін Сіздерді толғандыратын бұл мәселелер таныс.  Педагог В.А. Сухомлинскийдің пікірі бойынша "... бүгінгі сәбидің қандай адам болатыны шешуші дәрежеде балалық шақтың қалай өткеніне, баланы балалық шақта қолынан кім жетектегеніне, қоршаған әлемнен оның ақыл-ойы мен жүрегіне не кіргеніне, - осыған байланысты".     

    Сіздерді №2 бөбекжай-бақшаға  шақырамыз!

   Бұл жерде Сізді балаңыздың әр минутын қамқорлықпен, мейірімділікпен, жылылықпен толтыратын, өмірді қызықты, әр түрлі, қанық ететін шығармашыл, бей-жай емес педагогтар қарсы алады. 

   Біз оқыту мен тәрбиелеудің дәстүрлі және заманауи инновациялық технологияларын, авторлық бағдарламаларды, әдістемелік оқу құралдар мен ұсыныстарды пайдаланамыз. Ал бала үшін - ол педагогпен және басқа да балалармен еркін білім, білік және дағды алуға, алғашқы дербес жаңалықтар ашуға, қарым-қатынас жасауға, ынтымақтасуға, көмек көрсетуге үйренетін жай ғана ойын.   

  Біздің балабақшада инклюзивті білім беру ортасы құрылған: көру қабілеті бұзылған балалар тікелей балабақша жағдайында тәрбиеленеді, дамиды және мамандардың көмегін алады.  Біз төзімді болуға, бір-бірімізге қол ұшын беруге және қамқор болуға бірге үйренеміз.

  Балалық шақ - бұл өз құпиялары мен жұмбақтарына толы ғажайып кезең, бірақ біз Сіздермен,  ата-аналармен бірлесіп қана баланың әр күнін  ұмытылмас ертегіге айналдыра аламыз!   

Цыганова Татьяна Евгеньевна

лауазымы: директорының м.а.

жасы: 48 жас

мектепке дейінгі тәрбиенің жалпы еңбек өтілі: 19 жыл

басшының жалпы еңбек өтілі: 1,5 жыл