Қостанай қаласы М.Хакимжанова көшесі, 15 үй, тел.: 8-(7142) 50-77-97, 50-82-03, sad2@kst-goo.kz
№2 бөбекжайы тұрғын үй алабының ішінде жеке ғимаратта орналасқан, оған әр жас тобының балаларына арналған серуен алаңдары, спорт алаңы, гүлзарлар қарастырылған іргелес аумақ жатады.
Ғимараттың жалпы ауданы – 2861,6 ш.м, топтық үй-жайлардың ауданы – 1638,7 ш.м. Бөбекжайдың жұмыс режимі – дүйсенбі-жұма аралығында, бес күндік жұмыс аптасымен, сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін. Балабақшада 12 топ жұмыс істейді.
Топтық бөлмелер заманауи жиһаздармен, оқу-дидактикалық материалдармен, ойыншықтармен, үстелдік және сюжеттік-рөлдік ойындармен жабдықталған. Барлық жабдықтар СанПин талаптарына сәйкес келеді.